Үш айдың ішінде СҚО ДО мамандары 100 мыңнан астам дезинфекция қызметтерін жүргізді
Более 100 тысяч дезинфекционных услуг за три месяца проведено специалистами ЦД СКО 24.04.2019

Ұлттық сараптама орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығында 2019 жылғы 1 тоқсан қызметінің қорытындысы бойынша өндірістік жиналыс өткізілді.  

Жиналысқа филиал мамандары және аудандық дезинфекторлар қатысты.

Жиналыс барысында Тарификатор қызметтеріне сәйкес індетті аурулар ошықтарында дезинфекциялық шараларды жүргізу сұрақтары қарастырылып, аудан дезинфекторларының назары есепке алу-есеп құжаттамаларын дұрыс рәсімдеуге және филиалға уақтылы ұсынылуына аударылды.

Филиал директорының сөзінше бүгінгі күні 2018 жылдың аталмыш мерзімімен салыстырғанда келісімшарт міндеттемелерінің оң өсімі байқалады. Осылайша, бірінші тоқсанда Орталық 101 194 дезинфекция қызметтерін өткізді, яғни өткен жылдың тоқсанымен салыстырғанда екі есе артық. 

Сондай-ақ, ол орталықтың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерге мамандардың назарын аудартты. «Біз сыбайлас жемқорлықты азайтуға, төзімділікті қалыптастыруға және пайда болу жолдарын жоюға тиіспіз», - деді Петр Петрушков.

Іс-шараның соңында қатысушылар екінші тоқсанға келесі мақсаттарды айқындады. Ошақтарда 2019 жылға бекітілген Қызметтер Тарификаторына сәйкес дезинфекциялық шараларды жүргізуді жалғастыруды, алғашқы құжаттамаларды толтыруға назар аударуды, жаңа тұтынушылармен келісім-шарт жасау мақсатында келісім-шарт кампаниясын одан әрі жалғастыруды, дебиторлық қарыздарды болдырмау бойынша жұмыстарды бақылауда ұстау, көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді бақылау, ошақтарға шығуға және келісім-шарт жасау кампаниясын жүргізу кезінде жалдамалы автокөлікті максималды тиімді қолдануды.